Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.
Құқық органы өкілдері аурухана, емхана және диспансердің емделушілері мен қызметкерлерін, барлығы 200 азаматты қабылдады.
Медициналық көмек беруде сапа мен қолжетімділікті арттырудың, сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің қызмет жағдайын тиісті деңгейде қамтамасыз етудің тетіктері анықталды.
Атап айтсақ, жекелеген мекемелерде арнайы кабинеттердің, мамандардың (офтальмолог, реаниматолог, анестезиолог және т.б.) жетіспеуі, емделушілердің құжаттарын рәсімдеуде қиындықтардың туындауы, бейнебақылау камераларымен толық қамтылмау және т.б.
Шара аясында тұрғындардың медициналық қызметті алу жағдайына да назар аударылды. Мысалы, қоғамдық көлік тоқтайтын аялдамадан облыстық көпсалалы балалар ауруханасына дейінгі арақашықтық 500 метрді құрайды.
Қабылдаудың нәтижесі туралы айтылған мәселелерді нақты шешу ұсынысымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына жолданатын ақпараттық хатта көрсетілетін болады.
Тұрғындардың оң пікірін назарға алып, нысандарда азаматтарды қабылдау өз жалғасын табады.