Қызылордалық Рахат Сағымбай Азия чемпионы атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бангкок (Тайланд) қаласында грек-рим күресінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада жерлесіміз Рахат Сағымбай 63 келі салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі



Р.Сағымбай 2000 жылы 25 қаңтарда Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Он жасынан бастап грек-рим күресімен шұғылданады. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының жеңімпазы, Түркияда және Грузияда өткен Гран-при турнирлердің жеңімпазы атанды.  



Рахат енді үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Грекияның Афина қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысады. Онымен бірге облысымыздан Еламан Аюп пен Ғалымбек Нұрғали да бақ сынасады.