Қызылордалық Руслан Әбдіразақов түйе палуан сайысының чемпионы атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Сартай Мыхановты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық ашық турнир аяқталды. Дүбірлі бәсекеге еліміздің 7 облысынан және Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 31 палуан қатысты.

Нәтижесінде қызылордалық Руслан Әбдіразақов чемпион атанып, Nissan patrol жеңіл автокөлігін иеленді. 2-орынды қарағандылық Ержан Шынкеев алса, 3-орынды Алматы қаласының палуаны Арслан Абдамит еншіледі, ал 4-орын Өзбекстан палуаны Мухсин Хисамиддиновке бұйырды. Сондай-ақ, көрермендер көзайымы номинациясын Грузия елінің палуаны Левани Матеа Швили иеленіп, 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.