Қызылордалық сәулетшілер «Құрметті сәулетші» атағын алды

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысына байланысты өткен кеңесте бірқатар сәулетшілер ҚР Өңірлік даму Министрлігінің ТКШ және құрылыс комитетінің «Құрметті сәулетші» төсбелгісін алды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Олардың қатарында ҚР Сәулетшілер кеңесінің мүшесі, «CNEC» ЖШС-ң бас техникалық жетекшісі Қуаныш Құтмамбетов, ҚР Сәулетшілер кеңесінің мүшесі, «ПроектСервис» ЖШС директоры Марат Амруллин, ҚР Сәулетшілер кеңесінің мүшесі, РМК «Мемлекеттік сараптама» архитектуралық жобалау секторыныңҚызылорда облысындағы филиал директоры Мұратбек Қожаев, ҚР Сәулетшілер кеңесінің және ҚР Қала құрылысы кеңесінің мүшесі, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы міндетін атқарушысы Сейілхан Тойбазаров бар.