ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Грекияның Халкидики қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қызылордалық Əсел Серікбай алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әсел Серікбай 16 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түсті. Ол шахматтың блиц әдісі бойынша 9 турдан 7 ұпай жинады. Осылайша, алтын медаль иегері атанды.
Айта кетелік, Әсел Серікбай бұған дейін жасөпірімдер арасында 2011 жылы Польшада, 2017 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионаттарында дәл осындай биіктен көрінген еді.
Әсел енді аталмыш жарыста классика бойынша бағын сынайды. Әлем біріншілігі 31 қазанда мәресіне жетеді. Жарысқа 40 мемлекеттен 300-ге жуық шахматшы қатысуда.
Ə.Серікбай 14-23 қараша аралығында Ташкентте 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Дүбірлі додада Əселмен бірге қызылордалық Назерке Нұрғали да (18 жас) ел намысын қорғайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.