Қызылордалық шахматшы Португалияда топ жарып қайтты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Португалияның Эшторил қаласында өткен шахматтан командалық турнирде қызылордалық Бауыржан Мұсайынов ерекше көзге түсті.

Құлағы естімейтін мүгедек спортшылар арасындағы Бүкіләлемдік Олимпиада бағдарламасына енетін бұл жарыста еліміздің құрамасы сапында өнер көрсеткен ол төртінші тақтада алдына жан салмады.

Сыр бойынан барған спорт шеберлігіне кандидат осында өткізген алты кездесуінің бесеуінде жеңіске жетіп, бір партияны тең аяқтады. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы мүшелері арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.