ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық спортшы Нұрбақыт Жұмабек Иран астанасы - Тегеран қаласында (Иран) ересектер арасында өткен каратэ-до спортының киокушинкай түрінен халықаралық жарыста күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр спортшысы 65 келі салмақта сынға түсті. Нұрбақыт жарыс барысында бес кездесу өткізді. Алғашқы кездесуде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Ақтық сында Иран елінің спортшысына есе жіберіп қойды.
Оны жарысқа Бауыржан Мұқанов дайындады. Айта кетейік, аталмыш жарысқа 12 мемлекеттен 800-ден аса спортшы қатысты.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Словакия астанасы Братислава қаласында каратэ-до спортынан халықаралық турнирде қызылордалық спортшылар Әсемгүл Ердәулет алтын алса, Қонысбек Әлішершәріп күміс жүлдегер атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.