Жарыста Қармақшы, Шиелі және Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінің спортшылары жақсы өнер көрсетіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, Мұхаметхан Сағындық (55 келі), Нұрлан Пайзеллаев (65 келі), Диана Ғайбулла (46 келі) Қазақстан жеңімпазы атанса, Ерболат Құлжанов (60 келі), Данияр Байболат (71 келі), Жұлдыз Жұмахан (66 келі), Гүлдана Ергеш ( 66 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Рахымжан Мансұр (65 келі), Жанқожа Ағыбаев (71 келі), Әлисұлтан Мырзан (77 келі), Спандияр Алмаханов (83 келі), Нұрберген Алдаберген ( 83 келі), Нұрбану Убайдулла ( 66 келі) қола жүлдені еншіледі.
Чемпионат қорытындысы бойынша 1,2-орындарды иеленген спортшылар Астана қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдам алды.