Қызылордалық спортшылар Үндістанда өткен Азия чемпионатында алтын мен қола олжалады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Үндістанның Нью-Дели қаласында 10-15 маусым аралығында өткен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Қызылорда облысынан екі спортшы аттанып, екеуі де жүлделі оралды,деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

№17 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Бағдат Үсенов 76 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Нұрбақыт Әзілхан 42 келіде чемпионаттың қола жүлдесін иеленді.

Айта кетерлігі, Бағдат пен Нұрбақыттың бұл халықаралық жарыстағы алғашқы жетістігі.

Ел намысын ту еткен өрендерді спортқа баулып, олардың өнерін шыңдай түскен Қанат Көбегенов пен Тұңғышбай Дербісәлиевтің еңбегін атап өтуге тұрарлық.