Сот мәліметтеріне қарағанда, облыс орталығындағы теміржол вокзалында қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын полиция қызметкерлерінің назарына түсіп, желілік полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Тәртіп бұзу әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтыру барысында ол тәртіпке бағынбай, полиция қызметкерінің біріне қол жұмсаған.
Қалалық сот оны кінәлі деп тауып, 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айырды.