ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде қоймадан ұрланған екі самаурыны үшін жергілікті тұрғын өзінің ауылдасын сотқа берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осының салдарынан жәбірленушіге 20 мың теңге шамасында залал келген. Самаурынын қолды болған тұрғын бұл мәселені сот арқылы шешуді жөн санап, аудандық сотқа жүгінді.
Аудандық сот «Медиация туралы» заң бойынша екі тарапты татуластырды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Іс өндірістен қысқартылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.