Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшсі ОТЖД сілтеме жасап хабарлады.
Назерке 200 метрлік қашықтықты 25,19 секундта бағындырды. 60 метрлік қашықтықты - 7,69 секундта. Осылайша ол, Қазақстан Республикасының «спорт шебері» спорттық атағына ие болды. Жас спортшы үшін «спорт шебері» атағын алу жаңа шыңдарға жетуге негіз болатыны сөзсіз.
Қалада спорттық іс-шаралар әрқашан Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. Назерке жеңіл атлетика спорттық жарысының белсенді қатысушысы ғана емес, ол Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту кезінде веложарыстан да 3-орынды жеңіп алған болатын. 10 шақырымдық веложарыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік рәміздер күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі қаланың орталық алаңында мәреге жетіп, 1-ші жүлделі орынды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Еліміздің Тұңғыш Президенті тесті чемпионатында да жыл сайын Назерке медальдармен марапатталып, ұжымды қуантып келеді.
Спорт шебері Өмірғалиева Назерке жаңа жеңістерге дайын. Жеңіл атлетика бойынша Азия мен Қазақстанның екі дүркін жеңімпазының арманы - өрт-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатында құрама команда сапында еліміздің туын көтеру.
«Дүниежүзілік әйелдер күні қарсаңында «спорт шебері» атағына ие болуым, менің анам үшін үлкен сыйлықтың бірі. Жеңіспен үйге келіп, жақындарымның қуанышын көру бәрінен де қымбат. Туыстарымның махаббаты мен ұжымның қолдауы менің жаңа жеңіске жетуіме күш пен қуат береді», - дейді Назерке.