Ол жақында Жапонияның Окинава қаласында каратэ-додан Азия чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақта жастар арасында жеңімпаз тұғырына көтерілді. Жарыста Мөлдір үш кездесу өткіздіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Соның нәтижесінде ол осымен жастар арасында үшінші мәрте Азия чемпионы атанып отыр.
«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Азияның бірқатар елдерін намысын қорғаған жоғары дайындықпен келген. Ел намысын абыройме қорғауға күш салдым. Енді ағымдағы жылдың маусым айында Ақтау қаласына оқу-жаттығу өтеді. Сол айда Түркияның Стамбул қаласында өтетін рейтингілік халықаралық жарыста бақ сынаймын. Ол 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай жинау жарысы болады», - деді М.Жаңбырбай.
Айта кетейік, Мөлдір спортқа 6 жасында келген. Бұған дейін республикалық, халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғай білді. Ол каратэ-додан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы, 3 дүркін Азия (2013, 2017, 2018), 3 дүркін Әлем чемпионы (2015, 2016 -2 мәрте). ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 4-курсында оқиды.
Авторы: Әділжан Үмбет