Атап айтқанда, облыс спортшылары командалық жарыста 1-орынды еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Команда құрамында Роберт Гайнеев, Асылхан Тұрар, ағайынды Мәди және Ғабиден Әзендер бақ сынасты.
200 айналымдағы топтық жарыста Ғабиден Әзен мен Роберт Гайнеев күміс жүлдеге қол жеткізді.
Спортшыларды жарысқа Руслан Ягафаров пен Жандос Махамбетов дайындады.