ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Англия астанасы - Лондон қаласында өткен «Супер әлемдік талант-2020» онлайн байқауында «Айшуақ» би тобы бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Би тобы Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы жанынан құрылған. Онда 10-13 жастағы өрендер тәлім алады.
Жас өнерпаздар халықаралық байқауда бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Би тобына Динара Оразова жетекшілік етеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.