Олардың біріншісіне ең жеңіл - 46 килоға дейінгі салмақта астаналық Азат Хамзинмен ақтық сында күш сынасып, нәтижесінде 2:7 есебімен жеңіліс тапқан Дулат Дәуітов ие болса, екіншісін 75 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы облысының өкілі Жәнібек Әлімханұлымен шайқасып, 7:9 есебімен есе жіберген Тұрсынбай Құлахметов еншіледі.
Біріншілікте 11 салмақ дәрежесі бойынша 190 боксшы жүлделерді сарапқа салып, 179 жекпе-жек өткізді. Командалық бірінші орынды Астана қаласының, екінші орынды Алматы облысының, үшінші орынды Қарағанды облысының құрама командалары жеңіп алды.