Қызылордалық жас дзюдошылар Германиядан үш медальмен оралды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 сәуір. ҚазАқпарат -  Германияның Бремен қаласында өткен 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы дзюдодан халықаралық турнирден қызылордалық спортшылар үш медаль иеленіп қайтты.

Сыр бойының балғын саңлақтары жарыста бір алтын, екі қола медальға ие болды. Атап айтқанда, 50 келіге дейінгі салмақта Жалаңтөс Баһадүр атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі Бауыржан Жауынтаев - бірінші, осы интернаттың тағы бір шәкірті Айжан Болат 57 келіге дейінгі, Жалағаш ауданының дзюдошысы Жақсыбек Жеңісбек 50 келіге дейінгі салмақтарда үшінші орындарды жеңіп алды.

Бұл спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов және Арман Молдаханов дайындады.