Оның бұл өнертабысы Ресейде патенттеліп, халықаралық дәрежеде мойындалып отыр. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі бүгінде Татарстандағы Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің аспиранты ретінде ғылыми ізденісте. Заманауи физикалық-химиялық талдау қондырғыларын еркін меңгерген Нұрғали Ақылбеков аз уақыттың ішінде ғылымға зор үлес қоса білді. Ол бұған дейін Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырағын биопрепараттар арқылы тазарту технологиясын әзірлеген болатын.
Айта кетейік, Нұрғали 2017 жылдың желтоқсан айында Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанды.