ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрбол Жақсылық ауыл шаруашылығы саласында қолдануға ыңғайлы «Ұшатын фермер» аппаратын құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қондырғылар үлкен алқаптарды тынайтқыштармен құнарландыруға мүмкіндік береді.
«Бүгінде пилотсыз ұшу аппараттар технологиясы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда өндірістің көптеген салалары автоматтандырылған жүйеге көшуде. Біздің жобамыз егін саласында пислотсыз ұшу аппараттарын қолдануға бағыттылған. Бұл үлкен аумақтарды тынайтқыштармен байытуға мүмкіндік береді. «Ұшатын фермердің» өзге дрондардан айырмашылығы – ұшу уақытының ұзақтығы, әрі климаттық жағдайға төзімді болып келді», – дейді жас өнертапқыш.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.