Жарысқа қатысқан 22 спортшы арасынан Сырдың шахматшы қыздары жүлделі үш орынның екеуін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Он бес жастағы Әсел Серікбай 9 ойыннан сегіз ұпай жинап, қазан айында Италияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Ал Назерке Нұрғали 9 ойыннан 6,5 ұпай жинап, күміс жүлдені иеленді. Ол мамыр айында Иранда өтетін Азия чемпионатына қатысатын болды.