ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық 6 спортшы мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр саңлақтары бұл мүмкіндікке Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан лицензиялық халықаралық турнир барысында қол жеткізді. Әлем чемпионаты биыл қараша айында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
Жеңіл атлетикадан лицензиялық халықаралық турнирде Қолғанат Бақберген ұзындыққа секіруден, Ислам Сәлімов 100 және 200 метрлік қашықтыққа жүгіруден, Еламан Жоламан найза лақтырудан күміс жүлде алды. Сондай-ақ, Бағдат Елібаев 800 метрлік қашықтыққа жүгіруде мәре сызығын екінші болып қиып, жарыс барысында рекорд жаңартты. Ол 400 метрлік қашықтыққа жүгіруде қола жүлдегер атанды.
Қызылордалық спортшылар 22-27 ақпанда аталмыш мемлекеттің Дубай қаласында болатын тағы бір турнирде бақ сынайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.