❗️Қызылорда облысы - 3 жағдай
Екі науқас Сырдария ауданының тұрғындары.
Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Екінші мәрте алынған сынама КВИ оң нәтиже көрсетті.
Үшінші науқас Жаңақорған ауданының тұрғыны.
Қазіргі таңда эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
❗️Қарағанды облысы - 2 жағдай
Бірінші науқас - 44 жастағы ер адам. Бұрын жұқтырғандармен жақын байланыста болғаны анықталды, стационарда болды.
Екіншісі - 46 жастағы әйел. Үй карантинінде болды, өйткені жұқтырғандармен байланыста болғандардың қатарында болды.
❗️Маңғыстау облысы - 1 жағдай
1962 жылғы зейнеткер Жаңаөзен тұрғыны.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша КВИ нақтыланды. Қазіргі уақытта науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқаспен жақын байланыста 12 адам болған. Оның екеуі - үй ошағынан және 10-ы туысы болып шықты.
❗️Шымкент қаласы - 1 жағдай
Ауру жұқтырған азаматша Шымкент қаласының тұрғыны.
Ол КВИ жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Диагнозы нақтыланды.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандар да анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.