Қызылордада Ақтөбе облысындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында Қызылорда облысы жастарының бастамасымен үндеу қабылданған болатын.
Табиғаттың тосын мінезінен қиын жағдайға тап болған отандастарымызға аймақ кәсіпкерлері мен қайырымды жандар көмек қолын созды. Үндеуге «үн қосқан» олар азық-түлік пен киім-кешек, тұрмыстық заттарды облыс көлемінде ашылған 9 пунктке тапсырған болатын.
Тағзым алаңындағы қайырымдылық керуенін аттандыруға арналған шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев қатысып, жастардың оң бастамаларына ақ жол тіледі.