Олардың қатарында қызылордалық спортшылар - 71 келі салмақта Руслан Мұстафа Азия чемпионы атанса, осы салмақта Диана Сәдуақасова грэпплинг ги және грэпплинг ноу-ги бойынша күміс жүлделерді иеленді.
Облыстың аға жаттықтырушысы Арман Мәделхановтың айтуынша, спортшылар енді үстіміздегі жылдың 19-21 қазаны аралығында Баку қаласында (Әзірбайжан) өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Сондай-ақ, панкратионнан бес спортшы Сочи қаласында (Ресей) жалауы желбірейтін Әлем чемпионатында облыс намысын қорғайды.