Қызылордалықтардың игілігіне дәрігерлік амбулатория ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қарақұм елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды.

Салынғанына 50 жылдан астам уақыт болған Қарақұм ауылдық ауруханасы 1961 жылы салынды. Ауыл тұрғындары ескі, салқын ауруханада осы уақытқа дейін тозығы жеткен медициналық құралдарды пайдаланып келді. Ел игілігіне берілген жаңа дәрігерлік көмек көрсету орталығы, медицинаның барлық құрылғылармен жабдықталып, бір мезгілде 50 науқасты қабылдауға мүмкіндігі бар. «Өткен жылы ауылға 600 орындық мектеп пайдалануға берілсе, биыл амбулатория салынып отыр. Қуаныштарыңыз ұзағынан болып, ел игілігіне жарасын», - деді аудан әкімі амбулаторияның салтанатты ашылуында Мархабат Жайымбетов.