Қызылорданың «Қайсары» екінші айналымның бірінші ойынын жеңіспен бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Кеше кешке Қызылорданың «Қайсары» футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші айналымының бірінші ойынын өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелері сапынан бұл күні таяуда ғана командаға алынған голландиялық легионер Пайхари нәтижелі ойынымен ерекшеленді. Матчтың 3-минутында оның соққан голы кездесудегі жалғыз доп болып қалды. Осы ұтыс қайсарлықтарды қауіпті аймақтан алыстата түсті.