Қызылорданың студенттер театры халықаралық фестивальдің жүлдесін алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлың колледжінің үшінші курс студенттері Алматы қаласында өткен студенттік театрлардың халықаралық фестивалінде «Этюд» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

Сондай-ақ, колледжің студенті - Күнімгүл Мырзабаева «Ән салған актриса» атты номинацияда үшінші орын иеленді. 
Жалпы, колледж студенттері театрларының І халықаралық театр фестивалін  КСРО-ның халық әртісі Қаукен Кенжетаевтың 100 жылдығына орай  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған.
Халықаралық театр фестиваліне Франция, Мысыр, Болгария, Қырғызстанның. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық облысының студенттер театры қатысты. Ал, жеңімпаз атанған Қызылорда өңірінің жас таланттары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда драма театрының бас режиссері, «Құрмет» орденінің иесі Хусейн Әмір-Тәмір дайындатқан.