деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні түс қайта Н.Бекежанов атындағы драма театрында "Жырым сенсің, Қызылорда!" тақырыбы бойынша аймақтық ақындар айтысы болып өтті. Оған еліміздің оңтүстік өңірлерінен 25 ақын қатысты. Екі кезеңнен құралған бұл жыр додасында түркістандық Бекарыс Шойбековтің бағы жанып, бірінші орын үшін тігілген "Хундай" джип көлігіне ие болды. Қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза-Әлі бастаған қазылар алқасының ұйғарымымен қалған ақындарға меншікті орын берілмеді. Олардың бәрі де дипломант деп табылып, әр біріне 100 мың теңгеден сый тапсырылды.
Ал түнге қарай қаланың жаңадан жаңғыртылған орталық алаңында шетелдік және отандық өнер жұлдыздарының гала-концерті қойылды.