Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов мәлімдеді.
«Осыған байланысты Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауыты «СКЗ-U» ЖШС-ны жобалық қуатқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зауыт толық жобалық қуатқа шыққан жағдайда «КРЭК» АҚ желілеріне 12-13 МВт электр энергиясын босатуға мүмкіншілік алады», - деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, аймақты электр энергиясы тәуелсіздігіне қол жеткізу бағытында қазіргі таңда «Қызылордажылуэлектр орталығы» мекемесінің базасында қуаттылығы 110 МВт болатын газ-турбиналық қондырғысы құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.