Қызылжарлық шебер адамның көңіл-күйін «түсінетін» қуыршақтар жасайды
Катяның жиынтығында бір-біріне ұқсайтын қуыршақ жоқ. Әрқайсысының өзіндік стилі мен мінезі бар.
«Қалайша осылай болатынын өзім де түсінбеймін. Мүмкін, оларды жасағандағы көңіл-күйіме байланысты шығар», - деп күлді Катя.
Катя мамандығы бойынша графика дизайнері, бірақ ол модельер болуды армандаған.
Қуыршақтарды жасауда мата ерекше рөл ойнайды. Катя қуыршақтардың денесін жасау үшін флисті - дене түстес трикотаждан жасайды. Ол мінсіз болуы үшін арнайы трикотаж керек. Оны тек интернет-дүкендерден тапсырыспен немесе көрші Ресейден алдырады.
«Қазір мен көзі айқын көрінетін қуыршақтар жасап жүрмін. Оған тығыз матаны қолданамын. Оны сәйкес түспен бояймын. Көздерін акрилмен және пастель қарындаштарымен саламын», - дейді Катя.
Тағы бір мәселе - қалада қуыршақтар үшін шаштардың болмауы. Оны да интернет-дүкендерге тапсырыс беріп, бір айдың ішінде алады.
«Маған киім маталарын Германиядағы туыстарым жібереді. Аяқ-киімдерін фоамираннан - жасанды күдеріден өзім жасаймын. Тоқылған киімдері мен бас киімдері де менің қолымнан шыққан туындылар», - деп күлді Катя.
Ең ұзақ және қиын жұмыс - қуыршақты синтепонмен толтыру.
Бір ойыншықты жасауға бір-үш күн уақыт кетеді. Барлығы оның қиындығына, шебердің бос уақытына және шабытына байланысты. Катя мұнымен тоқтап қалмай, қазір балалар киімдерін тігуді бастаған.