24 жастағы спортшы NBC-ге берген сұхбатында жаттығу жиындарына ақша төлеу үшін ата-анасы Айдахо штатының Санни-Валли фермасындағы барлық сиырын саудалағанын айтты.
Фэррингтон Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы тұр. Спортшы 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Парк-Ситидегі (АҚШ) әлем кубогында қола еншілеген, АҚШ Гран-приі жалпы есебінің жеңімпазы. 2013 жылғы әлем чемпионатында ол 4 орыннан көрінген. Хафпайп бойынша сынға түседі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.