«KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің несиелік рейтингін көтерді

АЛМАТЫ. 26 шілде. ҚазАқпарат -  Қазақстандық «KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің несиелік рейтингін ұлттық шкалада  «ВВВ»-дан «A-» дейін, халықаралық  шкалада  «ВВ-»-ден «BB»-ға дейін көтерді.

 Рейтинг  бойынша болжам тұрақты. Рейтингтің өзгеруіне бизнестің тұрақты өсуі мен банктің негізгі  қызметінің тиімдігінің өсуі түрткі  болып отыр. Оған негіз болған - меншік құрылымының ашықтығына, негізгі акционерлердің қолдауының жоғары деңгейіне, сыртқы қорлануға тәуелділіктің төмен деңгейі мен трансшекаралық тәуекелдің болмауы.