Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің үштен бірі - «қызыл диплом» иегерлері

Фото: None
АСТАНА. Шілденің 13-і.  ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ -  Л.Н.Гумилев атындағы   Еуразия  ұлттық университетін 2 261 түлек  бітірді,  олардың үштен  бірі  - «қызыл  диплом иегерлері»,

деп    хабарлайды  ҚазАқпарат     оқу орнының   веб-өкілдігіне сілтеме  жасап.

Веб-өкілдіктің   жетекшісі Таңшолпан  Тампаеваның  айтуынша, 733   жас түлек   үздік    бітіргендері    туралы  диплом  алып     отыр.     Айта кету керек,   биылғы бітіруші курстың 268 студенті  өз   оқуларын         дағдарысқа қарсы шаралар  аясында  ағымдағы жылы Үкімет  бөлген    қосымша білім гранттарының  арқасында     аяқтады.

Мемлекеттік  гранттардың көмегімен  бакалавриат бөлімін 1 485 түлек  бітірді.   Ал магистратура  бөлімін   105 адам тәмамдады.     Олардың  тек  біреуі   ғана  ақылы негізде оқығанын  айта кету керек.   80-ге жуық  магистрант-студент  «қызыл»  диплом алып отыр.