Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразиялық зерттеулер кафедрасы» құрылады

АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразиялық зерттеулер кафедрасы» құрылады.

Бұл туралы университеттің ғылыми кеңесінің мәжілісінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының веб-өкілдігіне сілтеме жасап. «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының негізгі мақсаты - экономика, мәдениет, білім және ғылым салаларында еуразияшылық проблемасының түрлі сипаттарын тұжырымдамалы-іргелі зерттеу болып табылады.