Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет 32-ші орында, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
Рейтингті қалыптастыру әдіснамасы белсенділік және ғылыми-зерттеу қызметінің сапасы, оқыту, интернацияландыру, мансап әлеуеті, жұмыс берушілердің пікірі сияқты, т.б. өлшемдер бойынша ЖОО-ларды салыстыруға мүмкіндік береді.
Жалпы рейтинг тізіміне Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания, Нидерланд, Финляндия, Австралия, Швеция, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бразилия, Германия, Норвегия, Дания, Аргентина, Италия, Израиль, Португалия, Франция және Сауд Арабиясының ЖОО-лары берілген.
Айта кетерлігі, Еуразиялық ұлттық университеті аталған рейтингке кірген ТМД-дағы бірден-бір жоғары оқу орны болды.