"Мәңгiлiк ел" идеясының құндылығы - ол, әрине, азаматтық теңдiк, жоғары мәдениет пен бiлiм, адал еңбек, толеранттылық. Осының бәрi жарқын болашаққа бастайды. Бiз тәуелсiздiк жылдарында қол жеткiзген жетiстiктердi абыроймен алып жүру жастардың мойнына артылады. 90-шы жылдары әлем елдерi құлдырап жатқанда, бiз өзiмiздің ең құнды байлығымыз - Тәуелсiздiкке қол жеткiздiк. Бiз осы уақытқа дейiн намысымызды, қасиетiмiздi, абыройымызды құлатпай келдiк, қиын-қыстау заманның барлық асуларынан өттiк", - деп атап өттi экс-депутат.
Оның сөзiне қарағанда, тәуелсiздiктi алу аз, оны абыроймен жарқын болашаққа бастап бару маңызды.
"Бүгiнде әлемнiң төрiнен орын алған бiздiң Көк Байрағымыз желбiреп тұр. Осының барлығын болашаққа жеткiзуiмiз керек. Бұл еңбекпен келедi. Президент пен халықтың жұмыла атқарған қыруар еңбегiмен қол жеткiздiк те. Себебi халық өз Президентiне сендi. Бiз Елбасының қолға алған реформалары арқылы үлкен қиындықтарды еңсердiк", - деп түйдi сөзiн Л. Хочиева.