Л.Кукал: «Нурлы жол» - жаңа экономикалық саясаты жаһандық сын-қатерлерге заманауи жауап бола білді

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» - жаңа экономикалық саясаты жаһандық сын-қатерлерге заманауи жауап бола білді, - деді «Радио Прага» редакторы Л. Кукал.

«Президент Жолдауы дер кезінде жарияланды. Мерзімінен бұрын жолданған құжат Қазақстан Үкіметіне қазіргі таңда қалыптасқан жағдайға орай ел бюджетіне өзгерістер енгізуге, оны іске асырумен айналысуға мүмкіндік береді. Онда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлу мәселелері қозғалды. Кеден одағы - халықаралық ынтымақтастығының мүмкіндіктерін, Жібек жолы экономикалық белдеуін кеңінен пайдалану - дағдарысты еңсеру жолдары болмақ», - деді Л.Кукал.

«Дағдарыс - адамзат алдындағы жаңа экономикалық өсімге серпін екенін атап өткім келеді. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты - жаһандық сын-қатерлерге заманауи жауап бола білді, - деп қосты ол.