Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен іске асып жатқан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік тілді дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» атты әлеуметтік жоба жұмысы жүргізілуде. Жобаның мақсаты - мемлекеттік тіл мәселесінің өзектілігін жеткізу, мемлекеттік тілді дамытуға кез-келген азаматтың үлес қоса алатындығын насихаттау, тіл жанашырларының қатарын көбейту, Тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру», - делінген таратылған хабарламада.
Акция барысында тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша пікіралмасулар мен сауалнама өткізілетін болады.
Шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәссаған» ұлттық веб порталы демеушілерінің «Жігер» одағы» қоғамдық бірлестігі.