«Бір жылдың ішінде Астана әкімдігі халық арасында дінді түсіндіру бойынша 97 кездесу өткізіп, оларға 200 мыңнан астам адам тартылды. Біз жасаған осындай ақпараттық-ағарту жұмыстары арқылы көптеген адам келешекте өзін жат діни ағымдардан қорғап қала алатындай білім жинады. Мұндай кездесулерге әсіресе жастар жағы белсене қатысатыны қуантады», - деп атап өтті А. Балаева.
Дөңгелек үстел барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Астана қаласы әкімдігінің арасында «Астана қаласында конфессияаралық келісімді нығайту, дін саласында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуде өзара ынтымақтастық» жөніндегі екіжақты меморандумға қол қойылды.