Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ румын университетімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

None
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Бабеша-Больяй атындағы румын университетімен Ынтымақтастық туралы меморандумға отырды, деп хабарлады елордалық оқу орнының баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның Румыниядағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен 10-14 қаңтар аралығында ЕҰУ делегациясы Бабеш-Больяй атындағы университетте жұмыс сапарымен болды», делінген хабарламада.

Кездесу барысында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумда студенттермен алмасу, оқу орындарының кітапханалары мен басқа да ақпарат көздеріне қолжетімділік жасау, Бабеш-Больяй университетінің базасында «Қазақ тілінің, қазақ тарихы мен мәдениетінің орталығын» ашу мәселелері қарастырылып отыр.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, румын тарабы сондай-ақ, ЕҰУ бес магистрантына түрлі мамандықтар бойынша аталған университетте білім алуға гранттар бөлді.