ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, сапар барысында жергілікті академиялық қоғам өкілдерінің қатысуымен бірқатар кездесулер өтті, кездесуге сондай-ақ ҚР Омандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Алмас Әбдіраманов та қатысты. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде ЕҰУ мен Сұлтан Кабус атындағы университет арасында білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мүдделілік туралы Хаттамаға қол қойылды.
18:28, 27 Қаңтар 2011
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Сұлтан Кабус атындағы Оман Университетімен ынтымақтастық орнатуда
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 24-26 қаңтары күндері Оман Сұлтандығындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің көмегімен осы елдің астанасы Маскат қаласына проректор Дихан Қамзабек бастаған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің делегациясы сапар жасады.