ҚР Тенис федерациясының хабарлауынша, бұл тізімді 14,8 пайыз дауыс жинаған 31 жастағы швейцарлық теннисші Роджер Федерер бастап тұр. Аргентина құрамасының аяқдопшысы Лионель Месси одан 2 пайыз кем дауыс алған. Одан кейінгі екі орынды да футболшылар иеленіп отыр. Олар - бразилиялық Пеле мен аргентиналық Диего Марадона. Ал үздік бестікті кәсіпқой бокс аренасында әлемнің ең үздік былғары қолғап шебері атанған американдық Мұхаммед Әли түйіндеді.
13:06, 28 Желтоқсан 2012
«La Gazzetta dello Sport» спорт басылымы барлық кезеңдегі ең үздік спортшыларды анықтады
АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - «La Gazzetta dello Sport» спорт басылымы барлық уақыттар мен халықтардың ең үздік спортшыларын анықтады.