Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан жасөспірім 15 пен 17 жас аралығында болды. Бейсенбіге қараған түні оны тауарлық пойыз қағып кеткені хабарланып отыр. Оқиғаның басқа егжей-тегжейлері айтылған жоқ.
Маусым айының соңынан бері Ла-Манш түбіндегі туннельдің қасында Франциядан Ұлыбританияға заңсыз өтпек болған кемінде он адам қаза тапқан. Заңсыз қоныс аударушылар Ұлыбританияға жақсы өмір сүру жағдайларын іздеп баруда.
Қазіргі уақытта франциялық Кале қаласының түбінде құрылған лагерьде үш мыңға жуық мигрант тұрып жатыр.