Ла-Маншты жүзіп өтпек болған ирландиялық спортшы ажал құшты

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат -Ла-Маншты жүзіп өтпек болғанда ирландиялық жүзгіш Парэик Кейси француздық жағалаудан алыс емес жерде көз жұмды,

деп хабарлады Утро. Ру.

 Суда жүзу  федерациясы 45 жастағы Кейси бұғазды кесіп өтпес бұрын стандартты медициналық тексеруден өтіп, дін-аман екендігіне көз жеткізген. Спортшының нақты қандай себептерге байланысты бақилық болғаны белгісіз. Кейси жағалауға 2 шақырым қалған кезде өзін нашар сезіне бастаған екен.