Рейтингтің көш басында келе жатқан қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бокс жұлдызы атануына мүмкіндік мол, деп есептейді LA Times журналистері.
Сондай-ақ үштікке Роман Гонсалес пен Сергей Ковалёв кіріп отыр. Одан әрі Андре Уорд, Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд, Сауль Альварес, Данни Гарсия, Лео Санта Крус және Деонтей Уайлдер орналасты.
Головкин келесі айқасын 10 қыркүйекте Лондонда өткізеді. Оның қарсыласы - жартылай орта салмақтағы британдық боксшы Келл Брук.