ЛАБАҚ КҮМБЕЗІ

None
ақ күмбезі - сәулет өнері ескерткіші. Кесене Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Лабақ күмбезі шаршы пішінді пештақты-күмбезді құрылыс. Күмбез 1874 жылы Лабақ Қуатұлына арналып соғылған.

Сыртқы ауданы 7,25х8,25 метр, биіктігі 6,45 метр. Кесене шикі кірпіштен қаланып, іші мен сырты күйдірілген кірпіштен қапталып өрілген. Төрт бұрышты пішіннен дөңгелек күмбезге бұрыш қуыстары арқылы ұласады. Қабырғаларының дәл ортасында осындай сәндік қуыстар бар.

Лабақ күмбезінің ішкі пішіні, қабырғадағы сегіз қуыс, сондай-ақ кіреберіс есік ойығы төмен қарай сәл кеңейтілген. Қуыстар мен кіреберіс есік дарбазасы доға түрінде берілген. Қасбеті өрнекті тақта кірпіштермен жиектеліп, «П» тәрізді белдеулермен әсемделген.  Ернеуі кертпеш кірпішті қосарлап қалау арқылы әсемделген.

Басқа үш қасбетінің де пештаққа ұқсас әшекейлі жиегі, сондай-ақ «шырша» тәрізді көлбеу қаланған сәндік өзгешелігі бар. Лабақ күмбезінің бұрыштары шығыңқы етіп, екі қатар кірпіштен қаланған.

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том.