«Лад» ЖШС битум зауытының құрылысын аяқтау үшін қосымша қаржы қажет - Ақтөбе
Зауыттың құрылысы 2007 жылы басталған болатын, алайда қаржының жетіспеуінен әлі аяқталған жоқ. Кәсіпорын президенті Сергей Лапшин вице-министрге өзінің мәселелері туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Қазақстанның даму банкімен 18 млн. доллардың несиелік келісімі жасалған, 2008 жылдан бері банк 14 млн. доллар қаражат бөлген, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржыландыру тоқтап тұр. Қазіргі таңда битум зауыты құрылысының 80 пайызы орындалған.
«Банкпен қарым-қатынасымыз жақсы. Олар келіп, тексеру жүргізді, біз де бардық. Болжам бойынша, қаржыландыруға біріншіден дағдарыс себеп болған шығар, ол кезде дағдарыс қатты болған. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап отырмыз, құрылыс жүріп жатыр. Әрине, қалған 4 млн. доллар ақша құрылыстың аяқталуына мүмкіндік беретін еді, технологиялық кешен іске қосылар еді», - дейді Сергей Лапшин.
С.Лапшиннің сөзіне қарағанда, кәсіпорын өз қаражатын да аямаған, құрылыс басталғаннан бері кәсіпорын қоржынынан 26-27 млн. доллар бөлінген.
Ертең Ақтөбеде өтетін аймақтық кеңестен кейін «Лад» ЖШС-на қаржы бөлу мәселесі қаралатын болады, деп уәде етті вице-министр.