14 миллион АҚШ доллары қаржысына шығарылған бұл фильм елдің 2816 кинотеатрларында көрсетіліп, үш күннің ішінде 17,7 млн. доллар қаржы түсірді. Екінші орында «Әлемдегі ең маскүнем округ» криминалдық драмасы, ал «Арындылар-2» фильмі үшінші орынға ығысты. Ал деректі ленталардың ішінен «2016: Обаманың Америкасы» фильмі аталған мерзімде 5,1 млн. доллар жинап, барлығы 18,2 млн. доллар қаржы құйды.
02:27, 03 Қыркүйек 2012
«Лағнет қобдишасы» - АҚШ киносының жаңа көшбасшысы
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығындағы алдын ала мәліметтер бойынша, американ прокатының жаңа көшбасшысы «Лағнет қобдишасы» атты жаңа мистикалық шытырман оқиғалы триллер болды, деп хабарлады www.movie.ru сайты.