Лахордағы лаңкестік құрбандарының саны 36 адамға өсті

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның Лахор қаласында желтоқсанның 7-сінде болған екі жарылыс салдарынан, соңғы деректер бойынша, 36 адам мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Құрбан болған 36 адамнан басқа тағы 100 адам ауырлығы түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Қала полициясы басшысының ақпараты бойынша, қала ауруханаларына барлығы 137 адам жатқызылған.

Жарылыстар Лахордың Икбал-Таун аумағындағы адамдар көп шоғырланған базарда болған. Жиілігі 30 секөнтті құрайтын екі жарылысты да жанкешті лаңкестер іске қосқан.