«Жарылысты жанкешті ұйымдастырды» делінген бірақ әлі расталмаған ақпарат бар. Оқиғаға куә болғандар жарылыс болған жерде дүрмектің болғандығын, қашқандар бір-бірін басып кетіп, әсіресе балаларды аяқ астында қалдырғанын айтуда.
Жарылыс қала орталығындағы Гүлшан-и-Икбал саябағының жанындағы көлік тұрағында, балалардың ойын алаңынан бірнеше метр жерде орын алған.
Жарақатпен 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілген, олардың арасында балалар да бар.